Оның үш кішкентай баласы оңалту орталығы мен балалар үйіне орналастырылды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе тұрғыны 81 жастағы мүгедек әжесіне үш кішкентай баласын қалдырып, бір аптаға жоғалып кеткен, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Ол өзімен бірге тек 5 жасар баласын алған. Бір аптадан кейін әжесі ауырып қалғандықтан, ол танысынан балаларға қарай тұрауын сұрайды. Бірақ әйел анасының мұндай мінез-құлқына ашуланып, полицияға қоңырау шалып, балалардың бақылаусыз қалғанын айтты.
Ювеналды полиция инспекторлары шақыртуға бірден келді.
«Біз кәмелетке толмағандардың анасын бірден іздей алмадық. Бір сағат ішінде ол өзінің орналасқан жері туралы әртүрлі нұсқа айтты, келуге уәде берді, бірақ келмеді. Белгілі болғандай, ол үйге келуге асықпады», - деді полиция қызметкерлері.
Бұл анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 1-бөлігі бойынша «кәмелетке толмағанның құқықтары мен мүдделерін тәрбиелеу, қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау» әкімшілік хаттамасын жасалды.
Балалардың қауіпсіздігі үшін полицейлер оларды «Аяла» балаларды оңалту орталығына және "Үміт" балалар үйіне орналастыруға шешім қабылдады.
Қазір олар қанағаттанарлық жағдайда.