Балаларға да вакцина паспорты беріледі

0
497

Бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды.


Балаларға да вакцина паспорты беріледі

ERNUR.KZ. Вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады. Бұл туралы брифинг барысында Жандарбек Бекшин мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Ата-анасы балаға екпе салудан бас тартса, онда баласын Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген денсаулықты қорғау құқығынан айырғаны. Айта кетейін, вакцинацияланған барлық жасөспірімдер ересектер сияқты вакцинация паспортын алады»,-деді Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, бүгіннен бастап жасөспірімдерге екпе салу басталды.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағалиеваның дерегінше, мегаполисте 12-17 жас аралығындағы 1 619 бала екпе алуға дайын.

«12-17 жастағы 1 619 баланың вакцина алғысы келді. Егер жасөспірім ата-анасының келісімінсіз вакцинацияға келсе, медицина қызметкерлері олармен хабарласып, келісімін сұрайды. Тізімдер бар, педагогтар бізге көмектеседі», - деді дәрігер.