Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
ERNUR.KZ. Абай облысында зейнеткерді балғамен ұрып, тонап кеткен күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, деп жазады Azattyq Ruhy
Наурыз айының соңында Әуезов полиция бөліміне облыс орталығының 74 жастағы тұрғыны қаланың сол жағалауында оны тонап кеткені туралы арызданды. Дереу оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен.
Ер адам жәбірленушінің басын балғамен ұрып жіберіп, оның үш мың теңге көлеміндегі ақшасын, алтын сырғасы мен телефонын иемденіп алған. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер күдіктіні қолға түсірді. Ол осыған ұқсас қылмыстары үшін бұрын сотталған 43 жастағы ер адам болып шықты. Жауап алу барысында қаскөй өз кінәсін мойындады.
Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.