Банк қызметкерлері қазақстандықтардың шоттарынан ақша шешкен – Бас прокуратура

0
579

Өткен жылы банк жүйесінің сегіз қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған.


Банк қызметкерлері қазақстандықтардың шоттарынан ақша шешкен – Бас прокуратура

ERNUR.KZ. Қазақстанда банк қызметкерлері бөгде тұлғаларға несие рәсімдеп, клиенттердің шоттарынан ақша алған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, 2022 жылы банк жүйесінің сегіз қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Ал 2021 жылы үш ұқсас жағдай орын алған.

Жасалған қылмыстардың негізгі үлесі алаяқтыққа (ҚК-нің 190-бабы), сеніп тапсырылған мүлікті қызметтік жағдайын пайдалана отырып ұрлауға (ҚК-нің 189-бабы) және банктердегі өкілеттіктерді теріс пайдалануға (ҚК-нің 250-бабы) тиесілі. Бұл ретте қылмыс жасаған тұлғалар 188-бап "Ұрлық" бойынша жауапқа тартылған жоқ.

"Ұрлаудың негізгі тәсілдері – аффилиирленген компанияларға қарыз беру, бөгде тұлғаларға несие беру, банк үшін залалды шарттар бойынша несие беру, жалған шығыс – кассалық ордерлері бар клиенттердің шоттарынан ақша қаражатын алу", - делінген ҚР Бас прокуратурасының жауабында.

Бас прокуратурада, бұл қылмыстар Алматы, Ақтөбе, Атырау, ШҚО, Жамбыл, БҚО, Қызылорда және Павлодар облыстарында жасалғанын атап өтті. Алайда келтірілген залал туралы ақпарат жоқ.

Сонымен қатар, Ішкі істер органдарында үш қылмыс тіркелгенін хабарлады. Оның ішінде ҚК-нің 189-бабы бойынша Степногорск пен Қостанай облысындағы Торғай және Қарабалық кенттерінде.