Қауіпсіздік күштері шабуыл жасаушылардың көптігінен мұндай агрессияға тқтеп бере алмады.
ERNUR.KZ. Мәжілісінің жалпы отырысында ҚР Бас прокуроры Берік Асылов Қазақстандағы қаңтар оқиғасының тергеу барысы туралы баяндама жасады, деп жазады inbusiness.kz.
Бұл ретте ол құқық қорғау органдары шабуыл жасағандарға соңғы сәтке дейін оқ атпағанын атап өтті.
"Қауіпсіздік күштері шабуыл жасаушылардың көптігінен мұндай агрессияға тқтеп бере алмады. 18-20 жас аралығындағы полиция қызметкерлері мен сарбаздар соққыға жығылды, қорлық көрді. Ол күндері жараланғандардың 80%-ы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері болды. Бірақ сол кезде де шабуылшыларға оқ атылған жоқ. Қарулы күштер оларды соңғы сәтке дейін ұстауға тырысты. Бірақ олардың бұл әрекеті әлсіздік ретінде қабылданды", – деді Берік Асылов.
Оның пікірінше, аталған әрекеттердің түпкі мақсаты билікті күшпен басып алу болды.
"Азаматтардың өмірін сақтап қалу үшін тәртіп сақшылары қару қолдануға мәжбүр болды", – деді Асылов.