Африка елдерінде де ет едәуір қымбат, бір келісі кем дегенде 5,4 доллар.
Сурет: Zakon.kz
Global Product Price мәліметтері бойынша, 2026 жылдың қаңтарында Қазақстан 76 мемлекеттің ішінде 42-орынға жайғасқан.
Сиыр етінің бір келісі - 15,1 доллар, бұл БАӘ (12,5 доллар), Румыния, Словения, Сингапур, Мексика және Сауд Арабиясы елдерінен жоғары.
Африка елдерінде де ет едәуір қымбат, бір келісі кем дегенде 5,4 доллар.
ҰСБ деректері бойынша, 2000 жылдың наурыз айында елімізде сиыр етінің бір келісі 214 теңге болса, ал 2010 жылдың қаңтарында 641 теңгені құрады (сол кездегі валюта бағамы бойынша шамамен 4,5 доллар).
2026 жылғы ақпанда сиырдың сүйексіз лоқ етінің орташа бағасы 4,9 мың теңгені құрады. Ең жоғары баға — Астанада (6,1 мың теңге), ең төмен баға — Павлодарда (4,1 мың теңге).
Ақпан айында сиыр еті орташа есеппен 26,8%-ға қымбаттады. Ең жоғары өсім Жезқазғанда (+48,2%), Көкшетауда (+40,9%), Түркістанда (+37,2%) тіркелді.
FAO мәліметтері бойынша, ет бағасының әлемдік индексі 2026 жылдың қаңтарында 123,8% құрады. Өсім азық-түлік, логистика және ветеринарлық қызметтердің қымбаттауымен байланысты болды.
2025 жылы мал шаруашылығына салынған инвестициялар 47,4%-ға, яғни 32,7 млрд теңгеге дейін өсті. Салымдардың 73%-ы ірі-қара кешендерін дамытуға бағытталған. Алайда, халықтың табысы бағамен бірдей қарқында өсіп жатқан жоқ. Әл-ауқат артпайынша ет нарығының тұрақтылығына күмән бар.


