Баянауылда ірі өрт шықты

0
1 153

Бір тәуліктен бері құтқарушылар 800 гектардан астам аумақты шарпыған өртті сөндіріп жатыр.


Баянауылда ірі өрт шықты

ERNUR.KZ. Баянауыл ұлттық паркіндегі өртті сөндіруге 130 өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп жазады sputnik.kz.

"14 шілде күні сағат 12.45-те Баянауыл ауданында Қызылтау ауылынан 20 шақырым жерде ашық аумақта шамамен 800 гектар құрғақ шөп өртенді", - делінген хабарламада.
Өрт Долбинск орман шаруашылығының (115, 117, 118 орам) аумағына өтіп, ондағы тағы 20 гектар аумақты шарпыған.
Өртті сөндіруге 7 техникамен 27 құтқарушы, 13 техникамен орман шаруашылығының 40 қызметкері, ерікті өрт сөндіру жасағынан 11 техникамен 55 адам және жергілікті атқарушы органдардан 4 техникамен 8 адам жұмылдырылған.
Өрт оқшауланды, әлі толық сөндірілген жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері барлық азаматты өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, әсіресе орман және ауылшаруашылық жерлерінде мұқият болуға шақырды.