Beeline, Kcell және Tele2: Ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу тоқтатылды

0
157

Биыл наурызда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі KCell, Tele2, Beeline компанияларының үстінен тариф көтеру туралы "сөз байласу" күдігімен тексеру басталған болатын.


Beeline, Kcell және Tele2: Ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу тоқтатылды

ERNUR.KZ. Тергеу барысы туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтып берді, деп жазады inbusiness.kz.

Спикер ұялы байланыс операторларымен жұмыс жүргізіліп жатқанын растады.

" Қазіргі уақытта бәріміз ұялы байланыс пайдаланушысымыз. Біз талдау жүргіздік. Соңғы бірнеше жылда ұялы байланыс тарифтерінің өте жоғары өсуі байқалады. Біз алдын-ала заң бұзушылық белгілерін анықтадық. Өткен жылы барлық ұялы байланыс операторларының қызметтері бойынша тергеу бастадық. Үш компанияның сөз байласу белгілерін анықтадық, олар бойынша тергеу басталды. Бүгінгі таңда ол тоқтатылды. Қазір бізбен бірге сот процестері жүріп жатыр, яғни олар шағымданды. Қазір біз соттамыз ", – деді Болат Самбетов.

Осылайша, агенттік басшысының орынбасары барлық ұялы байланыс операторына қатысты тергеп-тексеру жұмысының әлі аяқталмағанын айтып отыр.

Болат Самбетовтың айтуынша, қазіргі уақытта Beeline компаниясы агенттікті сотқа берген.