Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министріліге видео автоларының үстінен шағым түсірген.
ERNUR.KZ. Бекболат Тілеухан әлеуметтік желіде өзін "Сирияға қару сатып жүр" деп айыптағандарға жауап берді. Оның айтуынша, үстінен жала жауып, ұйымдасқан қылмысқа қатысы бар деп көрсетіп отыр, деп жазады sputniknews.kz.
"Әлеуметтік желілерде менің атыма жала жабылған видео тарап жатыр. Бейнежазбада менің және басқа да бірнеше азаматтың аты айтылып, ұйымдасқан қылмысқа қатысты етіп көрсетеді ", - дейді депутат.
Осыған орай, Тілеухан Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігіне видео авторларының үстінен шағым түсірген. Ол ақпарат таратушыларды анықтап, қатаң шара қолдануды сұрап отыр.
"Видеоны көрдім, өте жақсы спектакль жасаған. Бір адам ұсталып, сол жауап беріп отырған секілді. Адамдардың аты-жөнін айтады. Жала болғанда да, қисынға келмейтін нәрсені айтқан. Осы мәселеге байланысты менің абырой-беделіме нұқсан келтірген адамдарды табуды, видеода аты аталған барлық тұлғаны анықтауды ұлттық қауіпсіздік қызметінен, басқа да құқық қорғау органдарынан өтінемін", - деді Бекболат Тілеухан арнайы түсірілген видеода.
Желіде тараған видео
Айта кетейік, 10 қыркүйекте әлеуметтік желіде Бекболат Тілеуханның Сирияға қару сатуға қатысы бар екені айтылған видео тарады.
Ол видеода қолға түскен азамат көлік ішінде отырып техника шығаруға және оны сатуға қатысы бар адамдардың атын атайды.
"Қазанда Ұлттық қауіпсіздік қызметімен бірге бір іс бастадым. Ерқанат Құсайынов астанада департаментте жұмыс істейді. Біз техниканы шығардық, тағы бір әскери адам бар. Мен ақша салып, әскери адамнан техника сатып аламын. Ерқанат та ақша салды", - дейді ол.
Сондай-ақ, осы іске депутат Бекболат Тілеуханның да қатысы бар екенін айтады.
Ер адамның сөзіне қарасақ, видео астанада түсірілген.