Беларусьтен келе жатқан жүк пойызы Алматы облысында рельстен шығып кетті

0
649

Пойыз Беларусьтен Алтынкөл стансасына келе жатқан.


Беларусьтен келе жатқан жүк пойызы Алматы облысында рельстен шығып кетті

ERNUR.KZ. Алматы облысы Қопа стансасында жүк пойызының 4 вагоны контейнерлермен рельстен шығып кетті, деп жазады sputnik.kz.

Пойыз Беларусьтен Алтынкөл стансасына келе жатқан.
Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдай пойыздардың қозғалысына әсер еткен жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" компаниясының баспасөз қызметі.
Оқиғаның себептерін анықтау үшін ҚТЖ-да комиссия құрылды.