Белгілі адвокат Өтебековтің шағымына инфекционист дәрігер жауап берді

0
878

Дәрігер коронавирус инфекциясына байланысты бүкіл медициналық қызметкерлер демалыссыз және тәулік бойы жұмыс істейтінін жеткізді.


Белгілі адвокат Өтебековтің шағымына инфекционист дәрігер жауап берді

Дәрігер коронавирус індетін жұқтырған құқық қорғаушы Өтебековтің шағымына жауап берді. Ол пациенттің кеуде қуысы ағзаларына шұғыл компьютерлік томография жүргізуге мәжбүрлейтіндей айғақтар болған жоқ деп мәлімдеді. Дәрігер бұл туралы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Ол бізге провизорлық клиникада рентгенологиялық тексерулерден кейін түскен болатын. Қазірге кезде Өтебеков пен сол күні онымен бірге түскен басқа да пациенттерге компьютерлік томография жасалды", – деді қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы филиалының инфекционист дәрігері Тамара Утаганова.


Сондай-ақ, ол стационарға түскен әрбір науқастың температурасы мен артериальды қан қысымы және қанның оттегімен қанығуы мұқият тексерілетінін айтады.

"Оның маған айтқан деректері (анамнестикалық, обективті) мен дәрігердің жазбасы бір-біріне сәйкес келеді. Бұл дәрігердің тексеріс жүргізгенін дәлелдейді", – деді Утаганова.

Сонымен қатар, ол барлық медициналық қызметкерлер біркелкі жеке қорғаныс киімінде жүретіндігін де атап өтті.

"Әрине, біз науқастарға өзіміздің кім екенімізді айтып таныстырамыз. Бәлкім, ол дұрыс түсінбей қалған болар. Джохардың өтінішімен оған жеке пайдалану үшін термометр берілді", – деді Утаганова.

Өтебеков неге шағымданды
Джохар Өтебеков өзінің фейсбук парақшасында модульді аурухананың дәрігерлеріне қатысты пост жариялап, компьютерлік томографияның жасалмағыны туралы айтқан. Тіпті, дене қызуын өлшейтін термометрді де сұрап алуға тура келді деп мәлімдеген.
Арада екі сағат өткен соң Өтебековке компьютерлік томография жасалып, оның екі жақты пневмониясы анықталды. Дәрігерлер оған С дәрумені мен "Алувиа" антибиотигін тағайындады.
Айта кетейік, бұған дейін құқық қорғаушы Джохар Өтебеков пен оның әйелі және балаларының коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Бұл туралы өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.