"Бес адамнан аспасын!": Оралдықтарға Жаңа жыл тойлауға рұқсат етілді

0
1 093

Ал бұл талапты сақтамағандарға айыппұл салынады.


ERNUR.KZ. Оралда Жаңа жылды тойлау үшін бес адамнан аса топ адамның жиналуға тыйым салынды, деп жазады zakon.kz.

Бұл туралы БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұқағали Арыспаев "Мой город" басылымына айтқан.

Ол жаппай іс-шараларды, отбасылық мерекелерді, оның ішінде жаңа жылдық корпоративтік кештер мен жиындарды мейрамханаларда, кафелерде және банкет залдарында өткізуге тыйым салынатындығын баса айтты.

- Үйде бес адамға дейін жинала алады, оған шектеу жоқ. Бес адамнан көп, 10, 20 адам болса, бұл бұқаралық іс-шара ретінде қарастырылатын болады. Егер полиция немесе мониторингтік топтардан арыз түссе, онда олар жауапқа тартылады. Жеке тұлғаларға салынатын бұл реттегі айыппұл шамамен 83 мың теңгені құрайды, егер ол оны бір апта ішінде төлесе, онда 41 мың теңге болады. Қазір біздің өңір "жасыл" аймақта, бірақ егер біз "сары" немесе "қызыл" аймаққа еніп кетсек, онда шектеу шараларын күшейтуге тура келеді, - деді ол.