Білім министрі коронавирус жұқтырған мұғалімдер туралы айтты

0
649

​Министр COVID-19 індетін жұқтырған мұғалімдердің бар екенін растағанымен, олардың санын нақтылаған жоқ


Білім министрі коронавирус жұқтырған мұғалімдер туралы айтты

ERNUR.KZ. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдердің коронавирус жұқтырғанын растады, деп жазады sputniknews.kz.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте тілшілер коронавирус жұқтырған мұғалімдердің бар-жоғын сұрады. Министр ондай науқастардың нақты санын айтқан жоқ. Бірақ COVID-19 жұқтырған мұғалімдердің бар екенін растады.

Білім және ғылым министрі бұл мәселе бойынша денсаулық сақтау министрлігімен сөйлескен. Ал төртінші тоқсанда барлық мұғалім үйден жұмыс істегені де белгілі.

"Біз "ондай проблема (коронавирусты жұқтыру) жоқ" деген ақпарат алдық. Бірақ қалай болса да, жазғы уақытта еңбек демалысында жүріп, осы вирусқа шалдыққан әріптестеріміз, өкінішке қарай, бар. Дегенмен, оны қашықтан оқытумен байланыстыруға ешқандай негіз жоқ", – деді Аймағамбетов.

Айта кетейік, соңғы ақпарат бойынша Қазақстанда барлығы 61 755 науқас тіркелді. Оның 25 448-і емделіп жатыр. 35 911 пациент жазылып шықты. Осы уақытқа дейін коронавирустан көз жұмған 396 науқас тіркелген.