Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді

0
1 472

​Нархоздың оқытушылары шетелдік ректордың жүргізіп отырған саясатына қарсы


Білім министрі оқытушылардың жаппай жұмыстан қуылуына қатысты түсініктеме берді

ERNUR.KZ. Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқытушылардың жаппай жұмыстан шығарылуына байланысты Нархоз университетінде тексеріс басталғанын хабарлады, деп жазады sputniknews.kz.

"Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті азаматтардың шағымына байланысты жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл ресми түрде орындалып, прокуратура органдарында тіркеледі", - деп хабарлады білім министрі.

ЖОО-дағы тексеріс нәтижелерін Аймағамбетов 15-16 тамызда хабарлауға уәде берді.

Нархоздағы шу

Бір апта бұрын Нархоздың бұрынғы оқытушылары ЖОО ректорына шағымданып, білім және ғылым министріне арыз жазды.

Олар университеттің қазіргі ректоры – АҚШ азаматы Эндрю Вахтельдің білім беру стратегиясына наразылығын білдірді.

"Ректор жиналыста қазақ және орыс тілі пәні оқытушыларын он жылдан кейін көрмеуге үміттенетінін айтты. Оның пікірінше, бұл пәндер Қазақстан экономикасы саласы үшін мамандар әзірлеуге қажет емес", - делінген арызда.

Оқытушылар жазғандай, ректор білім беру курстарының бірінде оқулық пайдалануға тыйым салып, студенттің "өзі жетуі керек" деп түсіндірген.

Сонымен қатар Қазақстан тарихының дұрыс оқытылмауы да педагогтардың ашуын келтіріп отыр. Олардың сөзіне жүгінсек, ректор посткеңестік кеңістікте тұрып жатқан ұлт өкілдерін менсінбей сөйлейді екен.

Министрлік арызды оқып, Нархозда осы жайтқа қатысты тексеріс жүргізілетінін айтты.