Білім саласының мамандары сайлауға белсенді түрде қатысады - Балсұлу Наурызбаева

0
1 149

Барлығымыз бірігіп сайлауға белсенді қатысып, дауыс беретін боламыз.


Білім саласының мамандары сайлауға белсенді түрде қатысады - Балсұлу Наурызбаева

ERNUR.KZ. Елордадағы білім саласының мамандары сайлау науқанына белсенді түрде қатысады. Бұл туралы сарапшылық кездесу барасында Нұр-Сұлтан қаласы «Әділет» Білім қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Балсұлу Наурызбаева мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс президенттік сайлауын 9 маусымында өткізу туралы шешімін қабылдағаннан кейін, сарапшылар бұл шешімнің маңыздылығын құптап отыр. Атап айтқанда, елдің экономикасын, әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесінде сайланған Президенттің болуын қажет етеді», - деп тоқталды Б. Наурызбаева.

Бұдан бөлек ол Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев шет мемлекеттермен өте жақсы қарым-қатынасты орнатқанын айта келе, жаңадан сайланатын Президент осы бағытты ары қарай жалғастыратынына сенім артты. Сонымен қатар кәсіподақ төрайымы білім саласының мамандары сайлау науқаны кезінде өздерінің лайықты үлесін қосатынын атап өтті.

«Сайлаудың әділетті әрі ашық өтетініне сенеміз. Сонымен қатар Қазақстан халқы дұрыс таңдау жасаса, сайланған Президентіміз елдің тыныштығын ойлап, ары қарай экономикамызды көтеріп, елдің игілігіне қызмет етеді деп ойлаймыз. Бүгін білім саласы мамандарының қатысуымен жиналыс ұйымдастырылады. Осы орайда барлығымыз бірігіп сайлауға белсенді қатысып, дауыс беретін боламыз», - деді Балсұлу Наурызбаева.

Айта кетейік, «Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау-2019» сарапшылық кездесуіне «Нұр-Сұлтан қаласы кәсіподақтар орталығы, кәсіптік одақтар өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми қауымдастықтар қатысты.