Бес адамның екеуі бала.
Қарағандыда тұрғынүй өртеніп, бес адам құтқарылды деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Кеше Қарағанды ТЖД кезекшісінің пультіне 5 қабатты тұрғын үйдегі пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.
Құтқарушылар бригадасы өрт орнына келіп, бес адамды (оның ішінде екеуі бала) құтқарды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер тағы бес адамды эвакуациялады.
Жергілікті жерде отты жоюға жеке құрамның 30 адамы және 7 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт сағат 18:19-да жойылды. Өрт шығудың алдын-ала нұсқасы - электр сымдарының қысқа тұйықталуы болуы мүмкін.
Өрт орнында 1953 жылы туған ер адамның денесі табылды.
ТЖМ азаматтарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.