Харагучи Акихиса мырза өз сөзінде жобаны іске асыру механизмінің қыр-сырын айтты.
көрнекілік фото: ашық дереккөзден
Ұлттық палата базасында «Бір ауыл – бір өнім» жобасына қатысушылар үшін оқу семинары өтті. Семинарға «Атамекен» ҰКП жұмыспен қамту және шағын және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту департаментінің басқарушы директоры, ҚР Ұлттық экономика министрлігі, Жапония Халықаралық ынтымақтастық агенттігі (JICA), «Бір ауыл – бір өнім +1" ҚБ (Қырғыз Республикасы) өкілдері қатысты.
Семинарда мемлекеттік қолдау шаралары, «Бір ауыл – бір өнім» жобасын іске асыру, өнімді ішкі және сыртқы нарықтарға ілгерілету, өнімді электрон коммерция және онлайн-сату алаңдарына шығару мәселелері талқыланды.
«Бір ауыл – бір өнім» жобасы өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету, жергілікті шикізаттан өнімдерді ілгерілету және әзірлеуге, ауыл тұрғындарын нарықтық тартымдылығы бар бірегей жоғары сапалы өңірлік өнім жасауға тартуға бағытталған. Өнімді тарату арқылы өңірлердің танымалдылығын арттыруға және туристік ағымды ұлғайтуға жол ашылады. Бүгін өткізілетін семинар бағдарламалары тыңдаушылардың біліктілігі мен дағдыларды арттыруға, сондай-ақ өнімді ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілетуге бағытталған семинарлар циклін ашады», – деді Айдана Тоғызбаева.
Жобаны іске асыруда әдіснамалық көмекті Жапонияның халықаралық ынтымақтастық агенттігі көрсетіп жатыр. Осыған байланысты Жапониядан келген «Бір ауыл – бір өнім» жобасының кеңесшісі Харагучи Акихиса мырза өз сөзінде жобаны іске асыру механизмінің қыр-сырын айтты.
«Дизайн, мәдениет, елдің салт-дәстүрі, жергілікті ресурстар және қолдан жасалған бұйымдар – «Бір ауыл – бір өнім» шеңберіндегі бизнестің негізгі құрамдас бөлігі. Табысты дизайнның жарқын мысалы – тарихи мұра саналатын петроглифтердің (тасқа қашалып салынған таңбалар) суреттерін сала отырып, Қырғызстанда киіз бұйымдарын өндіру және сату болды. Қазақстанда да өнімді жобалау үшін пайдалануға болатын ұлттық мотивтер өте көп екеніне сенімдімін. Мәселе мынада, жергілікті тұрғындар әрқашан бизнесте қолдануға болатын бір немесе басқа ерекшеліктерді көре алмайды. Сондықтан өз ауылы немесе аймағының ерекшеліктерін мұқият зерделеген жөн», – деді «Бір ауыл – бір өнім» жобасының кеңесшісі Харагучи Акихиса.
Спикер осы жоба аясында Қырғызстаннан Жапонияға қолдан жасалған кілемдер тасымалданатынын мысалға келтірді. Кілемде бізге таныс ұлттық ою-өрнектер бейнеленген. Біздің халықтар оларды өнерде ғана емес, күнделікті өмірде де кеңінен қолданатындықтан, біз бұл өрнектердің мәні туралы ойлана бермейміз.
«Жобаны іске асыру барысында жапондық компания әр оюдың (ою-өрнектің) мағынасын сұрай бастағанда ғана өндірушілер өз тауарының шетелдік тұтынушылар үшін тартымдылығын түсінді. Қазақстандық кәсіпкерлер де осындай тәжірибені қолға алуы керек», – деп толықтырды сарапшы.
Еске салсақ, осы жылдан бастап «Бір ауыл – бір жоба» жобасы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобамен бекітілген «Мен-кәсіпкер» кәсіпкерлік әлеуетін дамыту» құралы шеңберінде Қазақстанның бүкіл өңірлеріне таратылды. Қазіргі кезде 19 өңірде «Бір ауыл – бір жоба» көрмесі өтті, ал 13 өңірде өңірлік бренд-комитеттердің шешімімен «Бір ауыл – бір жоба» жобасының финалға қатысатын жеңімпаздары анықталды.
Дереккөз: "Атамекен" ҚР ҰКП баспасөз қызметі