Бір күдіктіні ғана ұстаған: Маңғыстау облысында бір топ адам тұрғынды соққыға жыққан

0
495

Полиция ҚК 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша қылмыстық іс қозғады.


Бір күдіктіні ғана ұстаған: Маңғыстау облысында бір топ адам тұрғынды соққыға жыққан

ERNUR.KZ. Желілерде Маңғыстау облысы Бейнеу ауылында ер адамға белгісіз адамдардың шабуылдаған бейнежазбасы таратылуда, деп жазады Stan.kz.

Полиция ҚК 106-бабы “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру” бойынша қылмыстық іс қозғады. Бір күдікті ұсталды. Желі қолданушылары қаскөйлер жазадан құтылып кете ме деп алаңдаулы.

Ер адам жерде отырған кезде оны бір топ жігіт ұрып тастаған. Оқиға 18 маусымда Бейнеу ауылында болған.

“Осы факті бойынша Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бір күдікті тергеу изоляторына қамалды”, – деп хабарлады Маңғыстау облысының полиция департаменті.

Қоғам белсендісі Бибігүл Рамазан өзінің Facebook парақшасында оқиғаға алаңдаушылық білдірді.

“Бейнежазбада Бейнеу ауылының тұрғынына төрт адамның шабуылдағаны көрінеді. Кадрлар 18 маусымда түсірілді. Күдіктінің әскери ұйымда жұмыс істейтіні, сондықтан істің материалдары әскери тергеу бөліміне жіберілгені айтылған. Бірақ бейнеде төрт адам шабуылдаған сияқты, әлде сіздердің көру қабілетіңізде проблема бар ма? Бұл сұраққа жауап беруді талап етемін”, – деп жазды әлеуметтік желілерде Бибігүл Рамазан.

Кейбір мәліметтерге сәйкес, ұрып соққандар – ер адамның әйелінің туыстары. Бұл ақпаратты құқық қорғау органдары түсіндірмеді