Президент: «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет

0
39

Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады.


Президент: «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет

фото: baq.kz/ Сырым Рахимбеков

ERNUR.KZ. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында «Халықтық құрылыс» – келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет екенін айтты.

«Халықтық құрылыс» деген атауында тұрғандай, бұл жоба халықтың игілігін көздейді, барлық азаматты жасампаз іске жұдырықтай жұмылдырады. Бұл – шын мәнінде келешек ұрпақтың қамы үшін қолға алған жалпыұлттық міндет. Құбылмалы әрі тұрақсыз әлемнің күрделі сын-қатерлеріне біздің лайықты жауабымыз – «Құрылыс және тағы да құрылыс!». Геосаяси және экономикалық ахуал бұлыңғыр жағдайда мемлекетіміздің, ел азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің анағұрлым дұрыс, қисынды жолы осы екеніне сенімдімін. Осы мазмұны терең бағдарлама аясында ауыл-аймақтарға, шаруалар мен агроөнеркәсіп кешендеріне қажетті инфрақұрылым салынады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.