​Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды – Оқу-ағарту министрлігі

0
127

​Бүгінде елімізде 12 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді.


​Соңғы үш жылда Қазақстанда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды – Оқу-ағарту министрлігі

ERNUR.KZ. Онда 1 млн-нан астам бала тәрбиеленуде. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.

«Соңғы жеті жылда мектепке дейінгі ұйымдар желісі 1 483 бірлікке ұлғайды. Инфрақұрылымды кеңейту жаңа балабақшалар салу, қолданыстағы ұйымдарды реконструкциялау және олардың қуаттылығын арттыру, сондай-ақ жаңа мектепке дейінгі ұйымдар мен шағын орталықтар ашу есебінен жүзеге асырылуда. Соңғы үш жылда мектепке дейінгі ұйымдарда 234 мың жаңа орын ашылды», – деді Жайық Шарабасов.