Сегізінші сынып оқушысының жүктілігіне қатысты оқиғадан кейін жаңа деректер белгілі болды.
ERNUR.KZ. 14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған Павлодар облысындағы ауылда бұған дейін тағы бір оқушы жүкті болып, босанған, деп жазады tengrinews.kz.
Сегізінші сынып оқушысының жүктілігіне қатысты оқиғадан кейін жаңа деректер белгілі болды. Биыл сәуірде Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде өгей әкесінен жүкті болып қалған кәмелетке толмаған жәбірленуші оқитын мектепте тағы бір қыздан жүктілік анықталған.
Ол кезде бұл оқиға көпшілікке мәлім болмаған. Биыл сәуірде оқушы қыз жүктіліктің бесінші айында болған. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облысы аудандық білім бөлімі растады.
"Иә, ондай жағдай болды. Қыз мектепті бітірген соң босанды. Тәрбие жұмысын әлсіреткені үшін мектеп директорына сөгіс жарияланды. Бірақ кейін тәртіптік жаза алып тасталды. Біздің білуімізше, ол кезде кәмелетке толмаған қыздың жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған", - деп түсіндірді аудандық білім бөлімі.
Облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша құқық қорғау органдарына ешкім хабарласпағанын атап өтті.
Алайда, бір мектеп директоры екі рет тәртіптік ғана емес, әкімшілік жазаға тартылған, бірақ білім ошағында өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жазаланғаны белгілі болды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, мектеп басшылығына ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін" айыппұл салынған.
Еске салайық, қарашада сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына байланысты ауыл мектебінің директоры, оның орынбасары және кәмелетке толмаған бала оқитын сынып жетекшісі қатаң сөгіс алған. Оларға тәрбие жұмысын нашар жүргізді және 25 апталық жүкті болған оқушы қызды қараусыз қалдырды деген айып тағылды. Алайда биыл 5 желтоқсанда Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті мұғалімдердің заңсыз жазаға тартылып, тәртіптік жазасы алып тасталды деп мәлімдеді. Оның өгей әкесі қызды зорлады деген күдікке ілінген. Ер адам қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.