Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

0
531


Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан бес адам қайтыс болды

Қазақстанда өткен тәулікте пневмония мен коронавирустан 5 адам қайтыс болды. Төрт науқас коронавирустан және бір науқас пневмониядан көз жұмған, деп хабарлайды ERNUR.KZ Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


"Өткен тәулікте коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 62 жағдайы және 1 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 40 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 31148, 344 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандар саны 26 709-ға жетті", - делінген хабарламада.