​Бірқатар өңірде тарифтер төмендейді

0
1 141

Вице-министр желтоқсан айында ПИК қызметтері, автобус, трамвай тасымалдары, қоқыс шығару және лифт қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша 8 әкімдікке қатысты мәліметтерді баяндады.


​Бірқатар өңірде тарифтер төмендейді

ERNUR.KZ. Қазақстанның бірнеше өңірінде тарифтер төмендейді. Бұл туралы Ұлттық экономика вице-министрі Серік Жұманғарин «Тариф саясатының ашықтығы және тарифтерді төмендету бойынша қабылданатын шаралар» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде мәлімдеді, деп жазады Baq.kz.

Вице-министр желтоқсан айында ПИК қызметтері, автобус, трамвай тасымалдары, қоқыс шығару және лифт қызметтеріне тарифтерді төмендету бойынша 8 әкімдікке қатысты мәліметтерді баяндады.

«Жамбыл облысы әкімдігінің мәліметіне сәйкес, ПИК қызметтері – 20%, қоқыс шығару – 5%, лифт қызметтері – 7%, Алматы облысы әкімдігі ПИК қызметтері тарифі – 6%, қоқыс шығару 10%, лифт қызметтері – 5%, БҚО әкіміігі қоқыс шығару – 10%, Қарағанды облысы әкімдігі ПИК қызметтері – 3%, лифт қызметтері – 5%, Қостанай облысы әкімдігі ПИК қызметтері – 5%, лифт қызметтері – 5% төмендетеді», - деп айтты Жұманғарин.

Сондай-ақ, СҚО, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстары әкімдіктері де тарифтерді төмендетуді жоспарлап отыр.

«Қоғамдық қабылдау өткізуді жалғастыра береміз. Осыған дейін 81 қоғамдық қабыладу өткізіліп, 2500 адамның шағымы тыңдалды. Бұдан бөлек жедел желі телефоны жұмыс істейді", - деді вице-министр. Қазақстандықтар аспапты есепке алу, коммуналдық қызметтер тарифі өсімі, сапасыз коммуналдық қызмет көрсету, әлеуметтік аз қамтылған топтарға жеңілдіктер жасау, қымбат интернет тарифі, коммуналдық қызметті дұрыс есептемеу секілді проблемаларды көтеріп, шағымданған.

Еске сала кетсек, дөңгелек үстелде ҚР Премьер-министрі Бақытан Сағынтаевтың 13 қарашадағы хаттамалық тапсырмасы шеңберінде субен, газбен жабдықтау, су бұру, телефон байланысы, интернет, ПИК қызметтері, автобус, трамвай тасымалдары, қоқыс шығару және лифт қыметтеріне тарифтерді төмендету бойынша іс-шаралар жоспары талқыланды.