Доллардың орташа бағамы 387,44 теңгені құрады.
ERNUR.KZ. KASE –нің таңертеңгі сессиясында АҚШ долларының орташа бағамы 387,44 теңгені құрады, деп жазады Елорда Инфо.
7 тамыздағы алғашқы сауда-саттықта доллардың ең төменгі шамасы 387,4 теңге, ал жоғарғы шамасы 387,57 теңгені құрады.
Еуро 433,85 теңгеге бағаланды, бұл алдыңғы сауда-саттықтан көрсетілген деңгейден 2,45 теңгеге жоғары.
Валюта айырбастау пункттерінде АҚШ доллары 387,9 – 389,3 теңге, еуро 434,5 – 436,5 теңгеден сатылып жатыр.