Бишімбаевты ұстаған полицейге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

0
552

Бишімбаевқа полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты "Она, наверное, сама нозила" ("Ол өзі титығыңа тиген болар" - авт. еск.) деген сөз тіркесін айтады.


Бишімбаевты ұстаған полицейге қатысты қызметтік тексеру жүргізіледі

ERNUR.KZ. Салтанат Нүкенова қаза болған күні Қуандық Бишімбаевты ұстауға қатысқан астаналық полицейге қатысты қызметтік тергеу басталды, деп жазады tengrinews.kz.

Сол кезде ұсталып отырған Бишімбаевқа полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты "Она, наверное, сама нозила" ("Ол өзі титығыңа тиген болар" - авт. еск.) деген сөз тіркесін айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.

"Осы факт бойынша Астана Полиция департаменті қызметтік тергеу тағайындады. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Нәтиже туралы қосымша хабарланады", - делінген ІІМ-нің осы жағдай бойынша берген жауабында.