Бішкекте "мусоровоз" жүргізушісі қазақстандық қыздың ақша салынған әмиянын қайтарып берді

0
480

Жүргізуші әмияндағы ақша мен құжаттарды иесіне қайтарып берген.


Бішкекте

ERNUR.KZ. Қырғызстанда қоқыс таситын көлік жүргізушісі қазақстандық паспорт, ақша мен банк картасы салынған әмиянды тауып алды, деп жазады Stan.kz.

Бұл туралы "Тазалық" кәсіпорнының баспасөз хатшысы Жібек Қаракеева хабарлады.

Оның айтуынша, жүргізуші әмиянды қазақстандық қызға қайтарып берген. Валерия Волтова жоғалған заттарын жүргізушіден өзі келіп алып кеткен.