Биыл 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан

0
795

Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есеге артты.


Биыл 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан

ERNUR.KZ. Биыл 18 адам тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ІІМ-нің дәстүрлі брифингінде айтты, деп жазады baq.kz.

"Соңғы бес жылда тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша өтініштер саны 3 есеге артты. Олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады. Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес, арызсыз полиция қызметкерлері «үй тирандарын» жауапқа тарта алмайды. Нәтижесінде агрессорлардың жазасыз кетуі дендейді", - деді Ренат Зұлқайыров.

Ол қол жұмсау әдетке айналғанын атап өтті. Бұл одан да ауыр нәтижеге алып келеді.

"Биыл тұрмыстық салада 18 кісі өлтіру болды. 2022 жылғы қыркүйекте ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату жөнінде тапсырма берді", - деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары.

Қазақстанда жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама келіп түсетінін еске сала кетейік.