Биыл Ақтөбе облысында 12 бала өзіне қол жұмсаған

0
771

Биыл облыста 10 айда 12 жағдай тіркеліп, 4 жасөспірім көз жұмды.


Биыл Ақтөбе облысында 12 бала өзіне қол жұмсаған

ERNUR.KZ. Биыл кәмелет жасына толмаған 12 бала өзіне қол салған. Төртеуі көз жұмды. Полиция зерделеу жұмысын қорытындылады, деп жазады ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы кәмелетке толмағандар арасында тіркелген өз-өзіне қол жұмсау фактісіне талдау жүргізді.

Биыл облыста 10 айда 12 жағдай тіркеліп, 4 жасөспірім көз жұмды.

«Ақтөбе қаласында 9 жағдай тіркеліп, 2 бала мерт болды. Сонымен бірге Хромтау ауданында 2, Алғада бір оқиға белгілі болды. Облыс бойынша өз-өзіне қол жұмсағандардың көбі мектеп оқушысы екені анықталды. 12 деректің жетеуі мектеп баласы болып шықты. Біреуі 10 жаста. Балалар асылады, дәрі-дәрмек және сірке суын ішіп қояды. Биік ғимараттан құлап, мойны мен қолына пышақ жарақатын салатындары да бар», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының баспасөз қызметі.

Талдау кезінде отбасындағы, туған-туыс арасындағы дау-жанжалға балалардың төзбейтіні белгілі болды. Жауапсыз махаббат, әкесінен айырылған баланың жан қайғысы да - негізгі себептің бірі.

«Екі жасөспірім көз жұмып, өлімнің нақты себебі анықталмады. Зерделей келе суицидтің 60% жуығы отбасындағы дау-дамайдан соң тіркелетіні белгілі болды. Бір ерекшелігі - тұрғылықты жері мен оқу орындары берген мінездеме жақсы. Толық, ауқатты отбасында тәрбиеленген, ішкі істер органдарында тіркелмеген. Сондықтан баламен тығыз қарым-қатынас орнатып, барлық мәселені ақылмен шешуге болатынын ұғындырыңыз» деп жазылған жергілікті полиция қызметі басқармасының хабарламасында.