Биыл елге 12 миллионнан астам шетел азаматы келді

0
94

Биыл елімізге келген шетел азаматтарының саны 12 миллионнан асты. Шетел азаматтарының көбі Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Қытай және Тәжікстан елдерінен келеді.


Биыл елге 12 миллионнан астам шетел азаматы келді

ERNUR.KZ. Басым бөлігі туристер ретінде және транзитпен өтеді. 660 мыңнан астам шетел азаматы уақытша тұруға рұқсат алды, олардың 90%-ы еңбек ету мақсатында келіп, көбі республикалық маңызы бар қалаларда, сондай-ақ батыс және оңтүстік өңірлерде тіркелген. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталыков ОКҚ брифингінде хабарлады.

Ал, 223 мың шетел азаматы елімізде қазір тұрақты тұрып жатыр, олардың 80 мыңы – қандастар.

«Министрлік олардың қауіпсіз жүріп-тұруына жағдай жасайды. Көші-қон бақылауын қатамасыз ету үшін тиісті шараларды қолданады. Заңды бұзғандары жауапкершілікке тартылады. Мысалы, биыл полициямен 306 мың шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 70 мыңы – заңнаманы бұзғаны үшін. 14 мыңы елден шығарылды, 4,7 млрд теңгеге айыппұл салынды», – деді спикер.

Бұдан бөлек, 16 мың шетел азаматының елде жүру мерзімі қысқартылды. Тұрақты тұратын шетел азаматтары арасында 3400 мыңнан астам бұзушы анықталды, тұруға құқық беретін құжаттарының күші жойылды. Шетел жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 3 мыңнан астам жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, 359 млн теңгеге айыппұл салынды. Жұмыс берушілері ең көп шетел жұмыс күшін заңсыз тартатын 5 өңірге Алматы, Астана, Шымкент қалалары, Қарағанды, Түркістан облыстары жатады.

Осы жылы жедел алдын алу іс-шаралары барысында 10 мыңнан астам көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталды. Олардың ішінде елде жүру мерзімін бұзғаны үшін 5890 шетел азаматы, заңсыз жұмыс істегені үшін 3500 азамат, шетел жұмыс күшін заңсыз пайдаланғаны үшін 700 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды.