Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы әзірленеді

0
1 397

Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.


Биыл Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы әзірленеді

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия құрылады, деп жазады egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 30 қыркүйектегі №176 Жарлығында: «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссия (мұнан ары – Мемлекеттік комиссия) құрылсын», делінген хабарламада.

Жарлыққа қосымша Мемлекеттік комиссия және Мемлекеттік комиссия құрамы туралы ереже берілген. Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, Мемлекеттік комиссия 2019 жылдың 25 желтоқсанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасын әзірлеуі және 2020 жылдың 29 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітуі тиіс. Жарлықтың орындалуына бақылау жасау Президент Әкімшілігіне жүктеледі.