Биыл Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады

0
145

2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады.


Биыл Қазақстанда үш жаңа әуежай салынады

Фото: Рexels.com

ERNUR.KZ. Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Қатонқарағай және Зайсан курорттық аймақтарында жаңа әуежай салынады, деп жазады stan.kz.

Тоқаевтың тапсырмасымен, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Автомобиль жолдары

Сондай-ақ 2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың шақырымы – І санаттағы жолдар.

2025 жылы келесі ауқымды жобалар жүзеге асырылады:

  • Қызылорда – Жезқазған (208 км);
  • Ақтөбе – Ұлғайсын (234 км);
  • Қарағанды – Жезқазған (572 км);
  • Сарыағаш қаласы айналма жолы (102 км);
  • Қызылорда қаласы айналма жолы (20 км);
  • Қызылорда – Сексеуіл (470 км);
  • Атырау – Доссор (86 км);
  • Рудный қаласы айналма жолы (16,9 км);
  • Жаңаөзен – Кендірлі (156 км);
  • Петропавл қаласы айналма жолы (8 км);
  • Түркістан қаласы айналма жолы (29,6 км);
  • Астана – Қостанай – РФ-мен шекара (830 км);
  • Шымкент қаласы айналма жолы (48 км);
  • Атырау – Орал (орташа жөндеу, 516 км);
  • Атырау – Шапай (136 км);
  • Алматы – Талғар – Бәйдібек би (68 км);
  • Алматы – Үшқоңыр (48 км);
  • Бейнеу – Сексеуіл (736 км);
  • Жайық өзені арқылы өтетін көпір (6,5 км).

Бұл жобаларды іске асыру үшін жалпы көлемі 9 трлн-нан астам теңге инвестиция керек. Қазір инвесторлар тартылып жатыр.

Темір жол және су көлігі

Темір жол көлігі саласында да бірқатар ауқымды модернизация жоспарланып отыр. 2025 жылы 225 жаңа вагон сатып алынбақ.

"Достық – Мойынты" жобасы бойынша темір жол құрылысы аяқталады, осылайша, өткізу қабілеті 5 есеге арттырып, тәулігіне 12-60 пойыз жұбының үздіксіз қозғалады. Сонымен қатар "Алматы айналма жолы" жобасы жүзеге асырылады.

Сондай-ақ "Достық – Бескөл" және "Мойынты – Балқаш" учаскелерінде қозғалыс ашу жоспарланған. Бұл шешім көрсетілген учаскелердегі пойыз қозғалысын жақсартуға және жүк тасымалы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Теңіз көлігі және Ақтау порты

Теңіз көлігін дамыту мақсатында Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды. Бұл порттың өткізу қабілетін жылына 240 мың ЖФЭ-ге дейін арттырады. Осылайша, Қазақстанның халықаралық логистикадағы орны нығайып, Әзербайжан, Грузия және Түркия арқылы өтетін Транскаспий бағытындағы контейнерлер тасымалы көлемі ұлғайяды. Сондай-ақ Қытайдан Еуропаға жеткізілетін транзиттік жүктердің бір бөлігін қайта бағыттауға болады.

Үкіметте портта тереңдету жұмыстарын жүргізу жоспарланғаны айтылды. Бұл оның терминалдық қуаты мен контейнерлерді тасымалдаудың тиімділігін арттырады.