Биыл Маңғыстауда Келешек жобасы аясында 9 мектеп ашылады

0
123

2024 жылдың желтоқсан айында бұл мектептердің алғашқы төрт нысанының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді.


Биыл Маңғыстауда Келешек жобасы аясында 9 мектеп ашылады

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында «Келешек мектеп» ұлттық жобасы аясында білім беру ордаларын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүзеге асырылуда. Аталған бастама шеңберінде өңірге жалпы саны 12600 оқушыға арналған 13 жаңа мектеп ашу жоспарланған, деп хабарлайды өңір әкімдігі.

2024 жылдың желтоқсан айында бұл мектептердің алғашқы төрт нысанының құрылысы толық аяқталып, пайдалануға берілді. Биылға өтпелі кезеңмен тағы 9 мектептің құрылысы жоспарланып отыр. Бұл оқу орындары 8100 оқушыға арналған.

Сонымен қатар, ұлттық пилоттық жобаны оңтайландыру мақсатында осы жылы 9400 оқушы орнына лайықталған тағы 8 мектептің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

Бұдан бөлек, өңірде жер қойнауын пайдаланушы инвесторлардың есебінен 1200 орындық 1 мектептің құрылысы жүргізілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес еліміздегі 1300 мектепті жаңғырту шеңберінде Маңғыстау облысында 2025-2027 жылдар аралығында 21 мектепке күрделі жөндеу жүргізілмек. Биылға арналған жоспар бойынша 144 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі.