Заңнама және құқықтық ақпарат институты Әділет министрлігінің ғылыми және сараптамалық мекеме, сондай-ақ ұлттық заң шығару саласындағы негізгі зияткерлік штабы болып табылады.
ERNUR.KZ. Мекеме қызметінің басты бағыттары: мемлекеттік органдардың нормашығармашылық қызметін ғылыми сүйемелдеу, құқықтық деректер базасын жүргізу, сондай-ақ азаматтарға құқықтық кеңес беру. Бұны ҚР Әділет министрлігі Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Жанар Жігітекова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.
Оның айтуынша, Институт норма шығару қызметін ғылыми сүйемелдеуді үш бағыт бойынша қамтамасыз етеді.
«Бірінші бағыт – заңдардың, өзге де нормативтік актілердің және халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми сараптама жүргізуді және үйлестіруді қамтамасыз ету. Біз келесіні үйлестіреміз: ғылыми құқықтық сараптама. Заңдар мен халықаралық шарт жобаларына сараптамалық қорытындылар дайындалады. Өткен жылы жобаларға 156 қорытынды бердік. Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне олардың саны 102-ге жетті. Яғни, ай сайын орта есеппен алғанда 13 қорытынды шығарамыз», – деді спикер.
Сараптама заңдардың, Үкімет қаулылары мен мемлекеттік органдар бұйрықтары жобалары бойынша жүргізіледі. Осы жылдың 8 айында нормативтік актілердің 2 528 жобасы немесе айына орта есеппен 316 жоба талданды. Қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға сыбайлас жемқорлық факторларын жою үшін 3 487 ескерту жіберілді. Сондай-ақ институт заңдар мен халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізеді.
Бұл мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндерінің түпнұсқалығын нақтылық, түсінікті және заңды дәлдеу үшін сәйкестеуге көмектеседі.
Егер өткен жылы екі тілдегі мәтіндері бойынша 154 сараптамалық қорытынды дайындасақ, биыл олардың саны 87-ні құрады.
Бұдан бөлек, Институт реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарына (РСКҚ) және депутаттардың түзетулеріне сараптамалық қорытындылар береді.
Соңғы екі жылда бұл құжаттарға 23 және депутаттардың түзетулеріне 96 ғылыми қорытынды дайындалды.


