Біздің құндылықтарымыз басқа партиялардың бизнес мүддесін қорғаштайтын тар ұстанымдарынан әлдеқайда ауқымды – ЖСДП

0
115

Астанада Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның кезектен тыс XXV съезі өтіп жатыр.


Біздің құндылықтарымыз басқа партиялардың бизнес мүддесін қорғаштайтын тар ұстанымдарынан әлдеқайда ауқымды – ЖСДП

фото:baq.kz.

ERNUR.KZ. Съезде сөз сөйлеген партия төрағасы Асхат Рахымжанов ЖСДП-ның елдің саяси кеңістігіндегі орны мен басқа саяси бірлестіктерден идеологиялық ерекшеліктеріне тоқталды.

Партия бағдарламасы – сайлауалды уәделер жиынтығы емес, ұзақмерзімді реформалар жоспары. Мемлекеттік билік өкілдерін сайлау ғана жеткіліксіз. Сондай-ақ олардың қабылдаған шешімдерінің орындалуын бақылап, нақты нәтижені талап ету қажет,- деді ЖСДП өкілдері.

Сондай-ақ ол партияның пікірінше, социал-демократиялық құндылықтар жекелеген саяси күштердің мүддесінен кең екенін және халықпен көпжылдық тәжірибелік жұмыстың негізінде қалыптасқанын атап өтті.

Өйткені партиялар арасында әлеуметтік теңдік – бос ұран емес екенін айтатын жалғыз социал-демократиялық партия қалды. Бұл – біз ұмтылып отырған мақсат, оған қол жеткізуіміз керек,-деді Рахымжанов.

Құрылтай сайлауы 23 тамызда өтеді. ЖСДП съезінде делегаттар партияның сайлауалды платформасын талқылап, сайлау науқанына қатысатын кандидаттар тізімін бекітуде.