Бұған дейін "Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялап, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастаған еді.
ERNUR.KZ. Батыс Қазақстан облысының Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде омикрон штамы табылғаны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тараған ақпаратты жоққа шығарды, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Бүгінде облыста омикрон жағдайы тіркелген жоқ. Әлемде омикрон штамы анықталуына байланысты, сондай-ақ омикрон штамын секвенирлеу үшін COVID-19-ды эпидемиологиялық қадағалау жүйесінде SARS-COV-2 жаңа нұсқаларын уақтылы анықтау маңызды екенін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық сараптама орталығына коронавирус жұқтырған науқастардың оң нәтиже көрсеткен сынамалары жіберілді. Нәтижесі әлі дайын емес", - деді ведомство басшысының орынбасары Гүлдана Кереева.
Бұған дейін "Уральская неделя" Батыс Қазақстан облысында коронавирустың омикрон штамы табылғанын жариялап, бірақ кейінірек бұл жазбаны Telegram-арнасынан өшіріп тастаған еді.