Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

0
394

Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кірген болатын.


Боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінді

ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды, деп жазады stan.kz.

19 тамызда сағат 23.00 шамасында Әуезов ауданына қарасты 5-шағынауданда зорлық болды деген хабар келіп түсті. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әйелдің Жанқош Тұраров зорлады деген арызын қабылдады. Оны ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.

Алматы полиция департаменті ақпаратқа қатысты пікір білдірді

"Арыз бойынша Әуезов аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі.

Бұған дейін Жанқош Тұраров әлемнің ең үздік 10 боксшысының қатарына кіргені айтылды.