Болат Жәмішев "Қазақстан халқына" қорының төрағасы қызметінен кетті

0
110

Орнына Ләззат Шыңғысбаева жаңа басшы болып тағайындалды.


Болат Жәмішев

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Болат Жәмішев өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қордағы жұмысын тоқтату туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазақстан халқына" қорының мәліметінше, Болат Жәмішев басшылық кезінде "қордың құрылуы мен дамуына зор үлес қосты". Қор 104 қайырымдылық бағдарламасы мен жобасына бастамашы болды, оның 62-сі іске асырылды.

"Қорда жұмыс істеу мен үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік болды. Біздің бастамамызда қорды қолдағандардың барлығына шын жүректен алғыс айтамын. Бірге айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік және қор алдағы уақытта да дами беретініне сенемін. Барлық серіктестерге, донорларға және қызметкерлерге ортақ игі ісімізге қосқан үлесі үшін алғыс айтамын", – деді Болат Жәмішев.

"Қазақстан халқына" қоғамдық қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен қоғам қайраткері, Қазақстандағы қайырымдылық, әлеуметтік жобаларды басқару және Үкіметтік емес ұйымдарды институционалдық дамыту саласындағы сарапшы Лаззат Шыңғысбаева төраға болып сайланды.