Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды.
ERNUR.KZ. Атырау облысында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр, деп жазады sputnik.kz.
Басылымның хабарлауынша, желіде Махамбет ауданы Таңдай ауылында мұғалім болып жұмыс істейтін әйелдің былтыр жазда туысын өлтіргені туралы ақпарат тарады. Ол мәйітті ауладағы қорада сақтаған.
"Көршілері үйге, аулаға, үй иесіне сіңіп қалған жағымсыз иістен күдіктенген. Полиция қызметкерлері әйелді мәйітті бөлшектеп, үлкен сөмкеге салып қойған кезде ұстады", - деп жазды басылым әлеуметтік желіге сілтеме жасап.
Атырау облысының полиция департаменті Махамбет ауданында ер адамның мәйіті табылғанын растады.
"Махамбет ауданы Таңдай ауылында 82 жастағы ер адамның мүрдесі табылды. Бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде", - деді полиция.
Алайда полиция әлеуметтік желіде жарияланған қылмыстың мән-жайы туралы ақпарат таратпады.