Бір-бірімен сүйісіп, жұрттың ашуын тудырған қыздардың арызы бойынша сот басталды (ВИДЕО 21+)

0
2 367

Бір-біріне «ынтық» болған арулар өз әрекетін қалыпты жағдай деп санайды. Олардың пікірінше, Элдар Гамилзаде есімді жігіт рұқсатсыз ол видеоны әлеуметтік желіге салуға қақысы жоқ. Желі қолданушысының сөзіне қарағанда, қыздар соттан видео авторынан 5 миллион теңге мальдық шығынды өтеп беруін талап етіп отыр.


Бір-бірімен сүйісіп, жұрттың ашуын тудырған қыздардың арызы бойынша сот басталды (ВИДЕО 21+)

RNUR.KZ . «Есентай Мол» СО-да елдің көзінше бір-бірімен сүйіскен қыздар ерсі қылықты таспаға түсіріп алған жігітті сотқа берді. Бұл туралы Шыңғыс Беріш атты Фейсбук әлеуметтік желі қолданушысы өз парақшасында жазады.

Бір-біріне «ынтық» болған арулар өз әрекетін қалыпты жағдай деп санайды. Олардың пікірінше, Элдар Гамилзаде есімді жігіт рұқсатсыз ол видеоны әлеуметтік желіге салуға қақысы жоқ. Желі қолданушысының сөзіне қарағанда, қыздар соттан видео авторынан 5 миллион теңге мальдық шығынды өтеп беруін талап етіп отыр.

Интернет ресурстар БАҚ-қа теңестірілген. Сондықтан Эльдардың әрекеті ҚР «БАҚ туралы» заңының 14- бабымен реттеледі. БАҚ туралы заңның 14-бабының 1-тармағында:
«Бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуды меншік иесінің шешімі бойынша оның өзі не шарт негізінде немесе өзге де заңды негіздерде редакция, баспагер, сондай-ақ ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады» делінген, деп жазады Шыңғыс Беріш.

Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығында көпшіліктің көзінше сүйісіп отырған екі бойжеткен жұрттың ашуын келтірген. Бұл сәтті видеоға түсірген адам олардың ардан безгенін, бұл жерде балалардың да отырғанын айтып, бойжеткендерге ескерту жасаған. Алайда қыздардың бірі ұялған кейіп танытып, басын төмен қаратса, екіншісі наразылық танытқан ер кісіге ортаншы саусағын көрсетіп отыра берген.

видео: Шыңғыс Беріштің Фейсбуктегі парақшасынан алынды (21+)