Бұдан былай МӘМС-ке ақша төлемегендер де онкоскринингтен тегін өте алады

0
129

Алайда мынаны ексерген жөн: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін жарналар мөлшерлемесі өзгермейді.


Бұдан былай МӘМС-ке ақша төлемегендер де онкоскринингтен тегін өте алады

ERNUR.KZ. Келесі жылдан бастап елімізде медициналық сақтандыруға ақша төлемейтін азаматтар да тегін онкоскринингтен өтуге мүмкіндік туындайды, деп жазады baq.kz.

Бұл туралы Астана қаласы №9 қалалық емхананың директоры Сәуле Смағұлова мәлімдеді.

Қазақстанда бүгінгі таңда халықтың 83%-ы медициналық сақтандырылған азаматтар. Ал 3,3 миллионға жуық азамат сақтандыру жүйесінен тыс қалған Заңға енгізілген өзгерістер халықты қамтуды кеңейтуге мүмкіндік береді: енді жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік әл-ауқаттың дағдарыстық және шұғыл деңгейлеріне жататын азаматтар үшін МӘМС жарналарын төлейтін болады. 2026 жылы МӘМС жүйесімен қосымша 1 миллионға жуық адам қамтылады деп күтілуде. Маңызды өзгерістер, егер төлемдерді уақытша тоқтата тұру орын алса, кемінде 5 жыл қатарынан жарна төлеген азаматтарға сақтанушы мәртебесін 6 ай бойы сақтауға мүмкіндік туады, - деп атап өтті дәрігер.

Сонымен қатар келесі жылдан бастап ТМККК және МӘМС тізбесі бойынша қызметтерді толық көлемде алу бөлігінде қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік беретін медициналық қызметтердің бірыңғай пакеті енгізілуде.

Осылайша, енгізілетін өзгерістер шеңберінде онкологиялық скринингтер 2026 жылдан бастап ТМККК тізбесіне көшеді және сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін тегін болады. Бұдан басқа, тегін консультациялық-диагностикалық көмек көрсету үшін 8 әлеуметтік маңызы бар аурулардың тізбесі кеңейтілді. Олар: туберкулез, АИТВ, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр цирроздары, қатерлі ісіктер, психикалық, мінез-құлық бұзылыстары; орфандық аурулар; жіті миокард инфарктісі; инсульт. Бұған дейін бұл тек екі ауруға қатысты (туберкулез, АИТВ) болған, - деп түсіндірді емхана басшысы.

Айтуынша, МӘМС базалық пакетіне қосымшаға да өзгеріс енгізіледі.

Бірақ бұл ретте 2026 жылдан бастап динамикалық бақылауға жататын созылмалы аурулардың 14 тобы кезінде жоспарлы нысанда стационарлық және стационарды алмастыратын көмек МӘМС базалық пакетіне қосымша ауысады. Заңмен енгізілетін тағы бір маңызды өзгеріс – МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін базаның жоғарғы шегін арттыру . яғни жарналарды есептеу үшін жоғарғы шек 10 ЕТЖ-дан 40 ЕТЖ-ға дейін жұмыс берушілер мен қызметкерлердің 20 ЕТЖ-ға дейін артады, - деді Сәуле Смағұлова.

Айта кетерлігі, бұл шара 2026 жылы қосымша 200 млрд теңгені қамтамасыз ете отырып, МӘМС қаржылық тұрақтылығын нығайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қоса жүйенің әлеуметтік әділдігін сақтайды, өйткені қазір табысы жоғары адамдар пропорционалды түрде аз төлейді.

Алайда мынаны ексерген жөн: жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін жарналар мөлшерлемесі өзгермейді, МӘМС жүйесіне жарналар мен аударымдарды есептеу үшін кірістердің жоғарғы шегі ғана артады.

Еске салайық, жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды. Жаңа заң бойынша жүйеде не өзгеретіні туралы жазған болатынбыз.