Қытайда робот адаммен жекпе-жекке шығып, ішінен теуіп құлатты

0
109

​Қойылымды робототехника компаниясы әдейі ұйымдастырған.


Қытайда робот адаммен жекпе-жекке шығып, ішінен теуіп құлатты

Фото: cnn.com

ERNUR.KZ. Қытайдың EngineAI робототехника компаниясы жасаған T800 атты гуманоид роботы адамды теуіп құлатты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Компанияның бас директоры Чжао Тунъян роботпен жекпе-жекке шыққан. Рингте кездескен кезде, құлтемір оның ішінен бір теуіп құлатты. Оның видеосын компанияның өзі жария еткен. Бейнежазбадан қимылы өте ширақ роботтың адамның әрекетін айнытпай салғанын көруге болады.

Осыған дейін T800 гуманоид роботының шынайылығына сенбей, оны компьютерлік графика деп санағандар болған. Компания жекпе-жекке ұқсас қойылым арқылы оның рас екенін дәлелдемек болған.