Бұл мереке елімізде жыл сайын 6 желтоқсанда тойланады.
Бүгін Қазақстанда Прокуратура күні атап өтіледі, жазады ERNUR.KZ.
Прокуратура — қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті нығайту жолындағы мемлекеттің негізгі құқықтық тірегі. Оның міндеттеріне, ең алдымен, адамның құқықтары мен бостандығын қорғау, қылмыстық-құқықтық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, жеке кәсіпкерлік субъектілері мен инвесторлардың мүдделерін қорғау кіреді.
Прокуратура қызметкерлерінің кәсібилігі — қоғамның құқықтық жүйеге деген сенімі мен әділеттілікті сақтаудың кепілі.
Мереке құтты болсын!