Бүгін Союз" зымыраны Байқоңырдан ғарышқа ұшырылады

0
139

Алдын ала жоспар бойынша, экспедиция 261 тәулікке созылады.


Бүгін Союз

Сурет: Роскосмос

ERNUR.KZ. 14 шілдеде Қазақстан уақытымен сағат 19:48-де Байқоңыр ғарыш айлағынан "Союз" зымыран тасығышы Халықаралық ғарыш станциясына (ХҒС) аттанады, деп жазады zakon.kz.

"Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, негізгі экипаж құрамына ресейлік ғарышкерлер Петр Дубров пен Анна Кикина, сондай-ақ NASA астронавты Анил Менон енді.

Ғарыш кемесінің командирі болып Петр Дубров тағайындалды. Бұл оның ғарышқа екінші рет ұшуы болмақ. Алғашқы экспедициясы кезінде ол Жер орбитасында 355 тәуліктен астам уақыт болып, ашық ғарышқа төрт рет шыққан.

Анна Кикина да Халықаралық ғарыш станциясына екінші мәрте аттанады. Ол 2022 жылы Crew-5 миссиясы аясында Crew Dragon ғарыш кемесімен ғарышқа ұшқан болатын.

Ал Анил Менон үшін бұл алғашқы ғарыш сапары болмақ.

Алдын ала жоспар бойынша, экспедиция 261 тәулікке созылады.