"Қазір стационард жатқан 95 пайыз науқас - пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі барлар".
ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтанның денсаулық сақтау басқармасының бас инфекционисі Сәуле Атығаева "Хабар" телеарнасына қалалық жұқпалы аурулар орталығының жансақтау бөліміндегі жағдай туралы айтып берді.
"Егер 28 қаңтардан бастап санасақ, жұмыста жүргенімізге бес ай болды. Үйге мүлде бармаймыз. Алғашқы күннен бастап аурухана жартылай бос қалған күн жоқ. Бірақ соңғы аптада адамдардың да, жағдайы ауыр науқастардың да саны өсті.
Қазір стационард жатқан 95 пайыз науқас - пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі барлар - оттегін қажет ететіндер. Біздің жансақтау бөлімі толы", - дейдң дәрігер.
Маман қазақстандықтарды жағдайға саналы түрде қарап, өзін және жақындарын сақтауға шақырды.
"Мен демігіп қалатын, жағдайы нашар, оттегі жетіспейтін науқастарды жиі көремін. 28 жыл жұмыс істеп, мұндай сұмдықты бірінші рет көруім. Көптеген адам қайтыс болады. Ештеңені ескермейтіндіктен. Сыртқа шығады, қонаққа барып, адамдарға жұқтырады. "Италиялық сценарий" деп жатамыз. Бірақ ол шын мәнінде де солай", - дейді көзіне жас алған дәрігер.
"Сеніңіздер, бұл өте қиын. Бәріміздің қолымыздан антидеприсант түспейді. Басқаша болмайды. Осылай жүргенімізге төрт ай болды, бұл - нағыз тозақ. Шын мәнінде өте қиын", - дейді Сәуле Ағытаева.