Бұрын сотталған қызметкер балабақша меңгерушісі болып жұмысқа тұрған

0
641

Білім басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.


Бұрын сотталған қызметкер балабақша меңгерушісі болып жұмысқа тұрған

ERNUR.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің білім басқармасының басшысы Ш. Сейсенбай бұрын пара алу фактісі бойынша сотталған қызметкерді (ҚР ҚК 317-б. 1-бойынша) балабақша меңгерушісі лауазымына қызметке қабылдаған, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Агенттіктің мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен білім басқармасының басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

«Еңбек кодексінде көзделген нормаларға сәйкес, бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды квазимемлекеттік сектор субъектілеріне басшылық лауазымға орналастыруға жол берілмейді. Сонымен қатар, 2020 жылғы қазанда еңбек заңнамасына енгізілген түзетулерге сәйкес бұл шектеу квазимемлекеттік сектордағы қатардағы лауазымдарға қолданылады. Осы жылдың басынан бері ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің астаналық департаментімен 8 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, олардың 5-еуі мемлекеттік қызметкер және мемлекеттік функцияларды жүзеге асыруға теңестірілген тұлғалар болып саналады», - делінген агенттік таратқан ақпаратта.

Белгілі болғанда, өндіріп алынған айыппұлдар сомасы – 2,1 млн теңгеге жеткен.

Айта кетейік, бүгін білім басқармасының басшысы Шәкәрім Сейсенбай қызметінен кеткенін мәлім еткен болатын.