​Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановға қатысты сот үкімі шықты

0
155

Былтыр 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.


​Бұрынғы вице-министр Ерлан Қожағапановға қатысты сот үкімі шықты

Фото: primeminister.kz

ERNUR.KZ. Бүгін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты бұрынғы Мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапанов пен SUCCESS K агенттігінің бас директоры Ләззат Көккөзоваға қатысты іс бойынша үкім шығарды, деп жазады inform.kz.

Сот үкімі бойынша Е. Қожағапанов үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар оған мемлекеттік қызметте жұмыс істеуіне өмір бойына тыйым салынып, мемлекеттік нарградалардан айыру туралы шешім шығарылды. Қамауда болған уақыты жалпы жаза мерзімінде ескеріледі.

Ал Ләззат Көккөзова бес жылға бас бостандығынан айырылды. Оның да қамауда отырған уақыты жаза мерзімін есептеу кезінде ескерілді.
Сот Туризм және спорт министрлігінің мүлікті өтеу туралы талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Бұл ретте, Ерлан Қожағапановтан келтірілген шығынды өндіру туралы талап қанағаттандырылмады. Ал Ләззат Көккөзоваға 1 млрд теңгеден астам материалдық шығынды өтеу міндеті жүктелді.
Еске салайық, былтыр 1 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мәдениет және спорт экс-вице-министрін ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстады.