Биыл бұрынғыдай қалыпта бізде үй тапсырмасы деген болмайды. Яғни, бұл бір сабақ тапсырмасы болады және ол Kundelik.kz платформасына орналастырылады.
ERNUR.KZ. Оқу жылының басталуына тура бір апта қалды, ал шенеуніктер болса, әлі білім жүйесіне жаңа ережелер енгізіп әлек. Білім министрлігі онлайн режимде үй тапсырмасын беруден бас тарту туралы шешім қабылдады, деп жазады zakon.kz.
"Еуразия" Бірінші арнасы бұл ретте ҚР Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекованың айтқанын алға тартады:
- Мұғалім оқу тапсырмаларын платформаға орналастырады. Яғни, биылғы жылы бұрынғыдай қалыпта бізде үй тапсырмасы деген болмайды. Яғни, бұл бір сабақ тапсырмасы болады және ол Kundelik.kz платформасына орналастырылады.