94 мемлекет қолдады, 14 делегация қарсы болды, 74 мемлекет қалыс қалды.
ERNUR.KZ. Украинаға Ресей келтірген шығынды өтейтін халықаралық механизм құру туралы ондаған ел ұсынған қарар жобасы дауысқа салынды, деп жазады zakon.kz.
94 мемлекет қолдады, 14 делегация қарсы болды, 74 мемлекет қалыс қалды. Қалыс қалғандардың қатарында Қазақстан да бар.
Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя қарар авторлары Ресейдің тыйым салынған активтерін Киевке қару-жарақ жеткізуді қаржыландыруға және қазірдің өзінде өткізілген қару-жарақ үшін қарыздарды өтеуге пайдаланғысы келетінін айтты.
Небензянің пікірінше, мұндай қарар БҰҰ үшін жүйелі салдарларға айналады.
Кезектен тыс сессия 1950 жылғы "Бейбітшілік үшін бірлік" қарарының негізінде қабылданған Қауіпсіздік Кеңесінің шешімімен өткізілді. Бұл процедура Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелерінің кез келгенінің ветосын айналып өтуге мүмкіндік береді. Бас Ассамблеяның 11-арнайы сессиясы мүше елдердің өтініші бойынша биыл бірнеше рет жұмыс істеді.
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі халықаралық құқық қағидаттары мен БҰҰ Жарғысына негізделген мәселені бейбіт жолмен шешудің баламасы жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеді, сондай-ақ тараптарды бейбітшілік орнатуға бағытталған ымыраға келуге шақыруды жалғастырып жатыр.