Туристер арасында дәстүрлі түрде Алматы тобындағы ұлттық парктер кеңінен танымал болып тұр.
фото: Пресс-служба ГНПП "Бурабай"
ERNUR.KZ. 2024 жылы Қазақстанның ұлттық парктеріне 2,8 миллион адам келген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 18 пайызға көп, деп жазады sputnik.kz.
Ведомство өкілдері көрсеткіштердің өсуі экотуризмге қызығушылықтың артып келе жатқанын растайтынын және елдің табиғи көрікті жерлерінің жоғары тартымдылығын көрсететінін мәлімдеді.
"Туристер арасында дәстүрлі түрде Алматы тобындағы ұлттық парктер: Іле-Алатау, Шарын, Алтын-Емел және Көлсай көлдері ең танымал болып тұр. Туристерге ыңғайлы болу үшін Қазақстанда 16 визиттік орталық бар, оның сегізі тікелей ұлттық парктердің аумағында орналасқан. Бұл нысандар келушілерге еліміздің табиғи мұрасымен тереңірек танысуға көмектеседі және қызығушылық танытқан саяхатшыларға қолайлы жағдай жасайды", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Экотуризмді дамыту, оның ішінде визиттік орталықтар мен глампинг алаңдарын салу саяхатшылардың мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, Қазақстанның ұлттық парктерінің табиғи сұлулығын сақтауға көмектеседі.