БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ

0
1 160

Руслан ​Ерденаев 18 сәуірде пара алып, қаражатты ысырап еткені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот одан 400 мың доллар тәркілеген болатын.


БЖЗҚ Ерденаевтан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақ

Қазақстанның Бірыңғай жинақ зейнетақы қоры бұрынғы басшысы Руслан Ерденаев пен БЖЗҚ ісі бойынша сотталған өзге тұлғалардан тағы 1,7 миллиард теңге өндіріп алмақшы, деп хабарлайды ERNUR.KZ Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Ерденаев 18 сәуірде пара алып, қаражатты ысырап еткені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот одан 400 мың доллар тәркілеген болатын.

Сот талқылауына дайындық туралы "БЖЗҚ" АҚ басқарма басшысы Нұрбибі Наурызбаева жыл қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатында айтты. Ол келесі арыздың қашан берілетіні туралы хабарлаған.

"Ерденаев қана емес, сотталған барлық тұлға 5 миллиард теңге қайтаруы тиіс болатын… Бірақ әлі ешқандай қаражат қолымызға тиген жоқ. Біз шығынды өтеу бойынша арыз бергелі отырмыз… Апелляциялық өндіріс аяқталған соң, сот шешімі күшіне енеді, сол кезде азаматтық негізде арыз беретін боламыз", — деді Наурызбаева.

Белгілі болғандай, сот зейнетақы қорының азаматтық арызын толығымен қанағаттандырмаған екен. Ал арызда негізінде 6,7 миллиард теңге деп жазылған. Яғни, бірінші инстанция соты азаматтық арызды қылмыстық іс аясында қарап, талаптарды жартылай орындаған: ал қалған 1,7 миллиард теңге сомасы қарастырылмапты. Арыз беруші осы "жетіспей тұрған" қаражат көлемі бойынша әрі қарай сот талқылауын жалғастыруға құқылы.